Экс министр Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы бойынша іс сотқа жіберілді

Жаңалықтар
view 559
news

Сурет: ҚР Жоғарғы сот

 Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша оның апелляциялық шағымы Астана қалалық соты судьяларының қарауына жіберілді,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

11 маусымда сот кеңсесінде Қуандық Бишімбаев, Бақытжан Байжанов және олардың адвокаттарының шағымы бойынша апелляциялық іс пайда болды. Астана қалалық сотының бетінде апелляциялық шағымдар судьялардың қарауына жіберілгені туралы ақпарат бар.

Бұл ретте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бетінде құжаттар "облыстық сотқа жіберілді" деп көрсетілген.

Алайда Бишімбаевтың ісіне қатысты басқа ақпарат жабық.

Еске салайық, 13 мамырда өзінің әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Содан соң Бишімбаевтың адвокаты сот үкіміне үш апелляциялық шағым түсірген болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *