«Күннің ыстығында көлік ішінде қараусыз қалған”: Бір жасар бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтар
view 510
news

Сурет: ашық дереккөзден

Атырауда 10 маусым күні қала тұрғыны бір жастағы баласын көлікке қалдырып кетіп, қайтып келгенде оның ес-түссіз жатқанын көрген. Баланы жедел медициналық жәрдем қызметкерлері аман алып қалды,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Анасы көлігін тұраққа қойып, бір жастағы баланы көлікке тастап кеткен. Шаруаларын реттеп келген кезде баланың ес-түссіз жатқанын көрген. Шарасыздан анасы баланы жақын маңда орналасқан қалалық перзентханаға апарған.

"Сол жерге шақырылған жедел жәрдем станциясы бригадасының фельдшерлері Ғали Зинуллаев пен Айгуль Бисенбиева дереу жетіп, жағдайын тексергенде бала ес-түссіз, тері қабаты қызарған, дене қызуы 40 градустан асқан, жүрек соғысы жиілеп, қан тамырының соғуы әлсіреген, тырысу белгілері болған. Балаға көмекке қосымша педиатриялық бригада жіберілді. Халықаралық стандарттар бойынша педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы оқытылған әдістерді пайдаланып, барлық кәсіби дағдырларын көрсетіп және командалық жұмыстың нәтижесінде баланы өлімнен құтқарып алып қалдық", - дейді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Әбдірахманова.

Кейін бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері қала тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды және ыстық күні автокөлік ішінде жалғыз тастамауды ескертеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *