Полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған ұялы телефонды тауып, иесіне қайтарды

Жаңалықтар
view 464
news

Сурет: Polisia.kz

Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары 2014 жылы болған ұрлықты әшкереледі,-деп хабарлайды Janabastau.kz Polisia.kz -ке сілтеме жасап. 

Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйелдің сол кездері танымал марка Samsung Galaxy S III Mini телефонын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. 

Тәртіп сақшылары ұрының ізіне түсе алмады. Соған қарамастан, 10 жылдан кейін оқиғаға қатысты тың деректер пайда болып, полиция 27 жастағы Қызылжар ауданының тұрғынын ұстады. 

Күдікті әйелдің телефоның ұрлағанда 17 жаста болған екен. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған телефонды қалай қолды қылғанын айтып берді. Ұрланған зат өз иесіне қайтарылды.

“Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен, ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды”, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *