Елдің кей өңірінде -13 градусқа дейін аяз болады
Фотосурет: depositphotos.com
Алдағы күндері еліміздің солтүстік, орталық және шығысында күн суытады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агентігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жел күшейіп, тұман түсіп, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Түнгі уақытта солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы -1...-7 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз +4-16 градус жылы болады. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -5...-13 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3-11 градус жылы болады деп күтіледі, - делінген хабарламада.
Бұл ретте солтүстік және шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қалған аумақтарда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.
Пікірлер (0)