Ұлытау облысы жылыту маусымына толық дайын
Фотосурет: gov.kz
Қазір Ұлытау облысы ауа райының өзгерістерін ескере отырып, жылыту маусымын дер кезінде бастауға толық дайын, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
1 жылу электр орталығында, 2 жылу стансасында, 110 жергілікті жылу көзінде (қазандықтар мен АЖЖ), сондай-ақ ұзындығы 920 шақырымнан аса инженерлік желілерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 248 әлеуметтік нысан (оның ішінде 140 мектеп, 51 денсаулық сақтау мекемесі) және 1 429 тұрғын үй дайындалды.
Жезқазған жылу электр орталығы мен Сәтбаев жылу стансасы жылыту маусымына дайын, тиісінше 6 және 3 қазандықпен жұмысын бастайды.
Магистральдық жылу желілерінде жуып, шаю жұмыстары аяқталып келеді. Осыған байланысты ПИК, ММИБ және үй жетекшілерінен тұрғын үйлердің жылу желілерін сапалы жылу беру үшін уақтылы шайып, қысыммен сынау жұмыстарын жүргізу сұралады.
Сонымен қатар, халық үшін қажетті көлемде көмір қоры жасақталған. Отын базаларында 4,5 мың тоннадан аса көмір бар. Сонымен қатар өңірді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыр.
Ұлытау облысының әкімдігі жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін үнемі бақылауда ұстайды.
Пікірлер (0)