Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
23
Фото: Pic2.me
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады. Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек солтүстік және шығыс өңірлерде фронтальды бөліктермен кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді. Алайда антициклонның суық ауа массаларымен толығуы елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде термометр бағандары минус 8-13°С дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2-7°С дейін төмендейді, – делінген синоптиктердің болжамында.
Пікірлер (0)