Степногорск қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды

Жаңалықтар
view 13
news

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Ұйым жақында кең әрі заманауи әкімшілік ғимаратқа көшіп, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған жаңартылған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мұнда күн сайын шамамен 300 адамға қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ХҚКО директоры Бауржан Базылбековтің айтуынша, бұрын ұйым ауданы шектеулі жалдамалы ғимаратта орналасқан еді. Қазіргі орталықта халықтың барлық санаты үшін қолайлы жағдай жасалған, ерекше қажеттіліктері бар жандарға да айрықша көңіл бөлінген. Қолайлылық пен қолжетімділік үшін осы ғимаратта АХАТ бөлімінің қызметкерлері де жұмыс істейді. Сондай-ақ жас жұбайларға арналған салтанат залы бар.

Жергілікті тұрғындар да оң өзгерістерді атап өтуде.

Мұнда болу өте жағымды, зал кең, автотұрақ көп, – деді Салтанат Бейсембаева.

Өңір басшысы тұрғындармен және орталық ұжымымен әңгімелесіп, мемлекеттік қызметтерді алуға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *