Қазақстанда доллар бағамы тұрақтанды

Жаңалықтар
view 20
news

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,68 теңгені құрап, 0,25 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ұлттық банкінің 26 қарашаға белгіленген ресми доллар бағамы – 518,4 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 518,44 теңге, сату бағасы – 520,16 теңге.

Астанадағы айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 516,54 теңгеден сатып алып, 523,54 теңгеден сатып жатыр.

Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы – 518,57 теңге, сату бағасы – 520,59 теңге.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *