Алдағы күндері Қазақстан аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады, ол елдің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюіне ықпал етеді.
Тек 30 қазанда солтүстікте, орталықта, 30-31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр күтіледі, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, - деп түсіндірді синоптиктер.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.
Сондай-ақ, күндізгі температуралық фонның біртіндеп төмендеуі болжанады:
- елдің батысында +5...+10 градусқа дейін,
- Қазақстанның солтүстігі мен орталығында +2...+10 градусқа дейін,
- оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +8...+17 градусқа дейін,
- шығыста негізгі фон +8...+18 градус шамасында болады.
Пікірлер (0)