Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар?

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: дереккөз

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үлттық статистика бюросы мәлім етті.

Олардың көпшілігі Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан.

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *