Елімізде қоғамдық орындар ЖИ арқылы тәулік бойы бейнебақылауға алынады

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: qarmaqshy-tany.kz

Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алдағы уақытта «Ұлттық бейнебақылау жүйесі» енгізілетінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бейбітшілік пен әділетті қоғам орнату үшін және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялардың рөлі ерекше. Атап айтқанда, жасанды интеллект құқықтық қызметтердің сапасын арттырып, құқық қорғау органдарының жұмысын жеделдетуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектеседі, — деді Жаслан Мәдиев Сенатта Орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның XI отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағытта министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп бірқатар жобаны іске асырып жатыр. Мысалы, «Құқықтық кеңес беру ЖИ-агенті» азаматтардың сұрақтарына нақты және жедел жауап беріп, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

Алдағы уақытта «Ұлттық бейнебақылау жүйесін» енгізу жоспарланған. Бұл жүйе жасанды интеллект арқылы қоғамдық орындарда тәулік бойы бейнебақылауды қамтамасыз етеді.

Жүйе адамдардың бет-әлпетін, көлік нөмірлерін автоматты түрде таниды, күмән тудыратын жағдайларды — төбелес, адамдардың жиналуы немесе ұмыт қалған заттарды тіркейді. Осының арқасында қоғамдық қауіпсіздік деңгейі едәуір артып, құқық қорғау органдарының әрекет ету жылдамдығы күшейеді, — деді министр.

Алматы облысының Полиция департаменті Талғарда болған төбелес түсіп қалған бейнебақылау камераларының жазбалары жойылды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *