Еліміздегі ақылы жолдардың кейбір учаскелері тегін болады

Жаңалықтар
view 111
news

Фото: Есенжол Исабек

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Қазақстанның ақылы жолдарында шамамен 350 шақырымға жуық ақауы бар учаске анықталғанын, осыған байланысты бұл учаскелерде жүргізушілерден уақытша жол ақысы алынбайтынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Барлық өңірдегі жолдарға қатысты

Жұмыс тобы талдауды аяқтады. Бүгінгі таңда ақылы жолдарда шамамен 350 шақырым ақаулы учаскелер анықталған. Барлық материал Автомобиль жолдары комитетіне жолданды, – деді ол Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Иманашевтің айтуынша, бұл ақылы жүйе енгізілген барлық өңірдегі трассаларға қатысты.

Учаскелер тізімі қашан жарияланады?

Елімізде жалпы 2 мың шақырымдай ақылы жол бар, олардың бір бөлігі төлемнен уақытша босатылады. Қазір учаскелер тізімін қалыптастыру және бұйрық дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Үкіметпен келіскеннен кейін бұл тізімді ресми түрде БАҚ арқылы жариялаймыз, – деді ол.

«ҚазАвтоЖол» басшысы жүргізушілер төлемнен жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, яғни уақытша босатылатынын нақтылады.

Біз өзгерістерді қаңтар айынан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл учаскелер ақылы жүйеден шығарылып, келесі құрылыс маусымында жөндеу жүргізіледі. Пайдалануға берілгеннен кейін қайтадан ақылы болады, – деп атап өтті Иманашев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *