Елорда көшелерінің біріне Гейдар Әлиевтің есімі беріледі

Редакция таңдауы
view 146
news

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентімен өткен кездесуде айтты. Өз кезегінде Ильхам Әлиев бауырлас қазақ халқына алғыс білдірді, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап. Айта кетсек, Мемлекет басшысының шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді. Ильхам Әлиев Қазақстан Президентіне шақыртуы үшін және әкесі Гейдар Әлиевті еске алып, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдірді. «Бауырлас ел Қазақстанға келгеніме және ынтымақтасымыздың жалғасып жатқанына қуаныштымын. Бүгін кездесуде атап өткеніңіздей, біз қабылдаған шешімдер жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар менің ресми сапарымда қабылданған шешімдер де алдағы уақытта жүзеге аса береді деп үміттенемін. Сонымен қатар мен өз атымнан Гейдар Әлиевті еске алып, оның есімін Астанадағы көшелердің біріне беріп жатқандарыңыз үшін алғысымды айтқым келеді. Менің әкеме құрмет көрсетіп, еске алып жатырсыздар», деп атап өтті Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *