«Ең ауыр соққы – адамдардың сатқындығы»: Майра Мұхаммедқызы Шымкенттегі қызметін айтып, жұртты ойландырды

Жаңалықтар
view 144
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал опера әншісі Майра Мұхаммедқызы денсаулығына қатысты қиындықтары мен өміріндегі ауыр кезеңдер туралы шынайы жазбасын бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  Todayinfo-ға сілтеме жасап.

Жуырда спортзалдан кейін хамамға кірген сәтте кенеттен белім қатты ауырып, қозғала алмай қалдым. Бір апта бойы орнымнан тұра алмай, түрлі ем қабылдадым. Укол, дәрі, МРТ – ештеңе көмектеспеді. Керісінше, ісік пайда болып, жағдайым одан сайын қиындай түсті.

«Соңында бәрін тоқтатып, өзімді қолға алуым керек екенін түсіндім. Астанадағы үйіме барып, тибеттік шөп дәрілерін қолдана бастадым. Соның арқасында аяққа тұрдым, денсаулығым да біртіндеп қалпына келе бастады», – дейді әнші.

Алайда, әншінің айтуынша, ең қиыны – физикалық ауырсыну емес, адамдардың екіжүзділігі.

«Өмірде ең қиын нәрсе – екіжүзді, сатқын адамдардың арасында жұмыс істеу. Кейде соғыс майданында жүргендей боласың. Қай күні, қай жерде кімнің «жарылып» кетерін білмейсің», – деп ағынан жарылды Майра Мұхаммедқызы.

Осы себепті әнші соңғы уақытта артық ортаға бармауға, қажетсіз адамдармен байланыс жасамауға тырысып жүр.

«Қонаққа барсаң, жұрт телефонын сайлап, аңдып тұрады. Бір ауыз сөзің үшін бәле тауып алуың мүмкін. Сондықтан өзіңді қорғаудың ең жақсы жолы – артық әңгіменің, қажетсіз ортаның сыртында қалу», – дейді ол.

Майра Мұхаммедқызы өткен өміріне көз жүгіртіп, жастық шағының жарқын сәттерін есіне алды.

«Бұрын жанып тұрған арманшыл, өнерді сүйетін жандармен араласатынмын. Ол кезде менде сенім, рух, мінез, сұлулық – бәрі бар еді. Қазір айналамда сондай жандар азайған сайын, жаным да, тәнім де әлсірей бастағандай», – деп өкінішін білдірді әнші.

Майра Мұхаммедқызы бұл жазбасында тек денсаулық туралы емес, өмірдің өтпелілігі, адамдардың опасыздығы мен шынайылықтың құны жайлы ой қозғады.

(Өткеніме қарасам, қаншама керемет тұлғалармен жолым түйісіпті. Олар маған сәуле шашты, ал мен жанып тұрдым. Бірақ қазір өзімді жоғалтып алғандаймын…», – деп түйіндеді әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *