Мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілген

Жаңалықтар
view 269
news

Сурет: Ашық дереккөзден

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен (6,4 млрд теңге) салыстырғанда 40 %-ға артық. Нақты көлем индексі 91,4 %-дан 126,4 %-ға дейін ұлғайған. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту ддирекциясна сілтеме жасап. 

«Саладағы өсім негізінен крандар, клапандар мен вентильдер өндірісінің 93,8 %-ға артуының есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Өткен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында аталмыш өнімдер өндірісі 3 млрд теңгені құраса 2025 жылдың осы кезеңінде 5,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы тарату және шар клапандары мен шибер қақпақтарының өндірісі 525 тоннадан 1126 тоннаға дейін екі еседен астам ұлғайған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *