"Путин, сен бүйтіп құтырма!" Трамп Кремль көсеміне ескерту жасады...
Фото: Ertenmedia
Дональд Трамп АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер туралы тосын мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz сайтына сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ақ үй басшысының айтуынша, Украинадағы қантөгісті тоқтатуға бағытталған мәміле жасалмаса және ол үшін Ресейдің кінәсі анықталса, Мәскеу ауыр санкциялардың астында қалмақ.
Трамп Ресей мұнайына қатысты санкцияларды күшейтуге дайын екенін ашық мәлімдеді.
Ол мұны нақтылап былай деді: "Ресейден мұнай сатып алатын елдер АҚШ-пен бизнесті ұмытады. Ресей мұнайы үшін 25 пайыздан бастап 50 пайызға дейін баж салығын енгіземіз. Бұл санкциялар, қажет болса, Америкада сатылатын өзге де ресейлік тауарларға да таралады».
Мұндай қатал шаралар бір айдың ішінде күшіне енуі мүмкін екені ескертілді.
Сонымен қатар Трамп Владимир Путиннің Зеленскийдің легитимдігін күмәнға келтіріп, Украинаға «жаңа басшылық керек» деген мәлімдемесіне қатты ашуланғанын жасырмады. Бұл Трамптың екі елді татуластыру қағидасына қайшы.
«Путин бұл жолы дұрыс әрекет етпеді, әлгі сөзін естіп, ашу-ызадан талағым тарс айырылды. Ол менің ашулы екенімді жақсы біледі. Әзірге арамыз жақсы, ол дұрыс шешім қабылдаса, бұл ашудың тез арада тарқауы да ғажап емес», – деді ол.
Трамп осы аптада Путинмен телефон арқылы тағы бір рет сөйлесіп көрмек.
Бұдан бөлек, Иран мәселесіне де тоқталып, егер Тегеран ядролық келісімнен бас тартса, бұл елді бомбылауға дайын екенін ашық мәлімдеді.
Пікірлер (0)