«Еңбек жолы» байқауына өтініштерді қабылдау басталды
Редакция таңдауы
69
Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.
Еңбек күнін мерекелеу аясында Еңбек министрлігі жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.
Конкурс 3 номинацияны қамтиды:
- «Үздік еңбек әулеті»,
- «Өндірістің үздік жас маманы»,
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2023 жылдың сәуір айынан 30 маусымына дейін жүргізіледі.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдерінде онлайн дауыс беру өткізілмейді. Конкурстың облыстық кезеңінің женімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінің женімпаздарын республикалық комиссия анықтайды.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін өтетін болады. Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, облыстың барлық кәсіпкерлерін Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)