“Енді ісім психолог, коуч сымақтармен болады”: Ғабит Бибасыұлы өзіне қол көтерді деп айыптаған бұрынғы әйеліне жауап берді

Жаңалықтар
view 506
news

Сурет: ашық дереккөзден

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы ажырасуына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі өзіне қол көтерді деп айыптаған бұрынғы келіншегіне желіде жауап берді,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

ҒабитБибасыұлы өзіне қатысты даулы жағдайға пікір білдіріп, бұрынғы әйеліне үндеу жасады.

 "Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коуч сымақтармен болады", - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенннің сұқбатынан кейін желіде үлкен сынға ұшырады. Әншінің экс-келіншегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, жұлдызды күйеуі өзіне қол көтергенін жеткізді. Алайда Нұрила Ақбергеннің сөздерін "Меломеннің" әншісі Қайрат Мырзаханов жоққа шығарып отыр. Ол желіде жазба жариялап, әріптесі Ғабит Бибасыұлына қолдау білдірді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *