"Жамбасын ұстап, сүйген": Құраннан жеке дәріс үйрететін ұстаз оқушы қыздарды зорлады деген айыппен сотқа тартылды
Сурет: Bild телеграм арнасынан
Германияда 30 жастағы сириялық ер адам 5 пен 9 жас аралығындағы алты қызды қорлады деген айыппен сотқа тартылды. Ата-аналар қыздарын оның үйіне араб тілі мен Құраннан жеке дәріс алу үшін әкелген,-деп хабарлайды Janabastau.kz Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Тергеушілердің мәліметінше, Захед К. есімді азамат 2018 жылдан бері өз пәтерінде кем дегенде 11 рет кішкентай қыздарды зорлаған. Айыптау қорытындысы бойынша, ол қыздардың жамбасын ұстап, оларды сүйген. Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтқан. Кейін бір шәкіртін зорлаған. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындамады.
Мәліметке сәйкес, оның қылмысын ашпақшы болған куәгерді де қорқытқан.
2023 жылы Солтүстік Рейн-Вестфалияда балаларды зорлау фактісі көбейген. Қылмыс статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсіп, 5065 оқиға тіркелген.
Пікірлер (0)