Енді онкологиямен ауыратын науқастар үшін Call-орталық іске қосылды

Жаңалықтар
view 480
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің басымдығы болып табылады. Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады, деп хабарлайды janabastau.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді», - делінген хабарламада.

Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *