Ерболат Досаев тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды
Жаңалықтар
292
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған шешім 20 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен қабылданғаны айтылды. Қордың мәліметінше, қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің құрамында сегіз мүше бар, олардың төртеуі — тәуелсіз директорлар. Директорлар кеңесінің төрағасы — Премьер-министр Олжас Бектенов.
«Самұрық-Қазына» АҚ мұндай құрылым корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келетінін және стратегиялық шешімдерді теңгерімді түрде қабылдауды қамтамасыз ететінін атап өтті.
Пікірлер (0)