«Менен жақсы әйел тапса...»: Бағдат Әшімованың сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
Сол кездері жас 31-де болған Бағдат Әшімова жасына әрі ата-анасының қарсылығына қарамастан, отбасынан айырылып, жүрегі жараланған актер Асанәлі Әшімовке демеу болғысы келген. Осылайша, актердің қалауын орындаған. Ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген 3 жыл бұрынғы сұхбатында актер тағы да үйленемін десе, рұқсатын беретінін айтқан екен, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)
«Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті
«Шын берілген адамды сүйіп жатса...»
Сөздің құдіреті ғой. Кітабын бір түнде оқып шықтым. Сол кітапта Асекең ішіндегі жан сырын ақтарған, басындағы қайғысын, жүрегіндегі ащы өкінішін жазған. Сол кітаптағы сөз мені баурап алды. Осы кісіге тірек болайыншы, қолымнан келсе, көзіндегі жасты сүртейінші, жүрегіне қуаныш ұялатайыншы дедім, – дейді Бағдат Әшімова.
Екеуі 22 жыл отасты. Араларында Асанәлі есімді ұл бар. Одан бөлек, актердің балаларынан сүйген немере-шөберелері жетерлік. Бағдат Әшімова актердің өткен өміріне құрметпен қарайтынын айтады. Алдыңғы некелерінен тараған ұрпағын шеттетпей, бауырына басқан.
Бұрын апаларымыз тоқалды өздері алып беріп отырған ғой. Ол да болса бәйбішеге мойын бұратын, сол әулетке қызмет ететін қыз бала болып жатса, неге алмасқа? Бірақ мен өз ойымды айтамын. Ал енді Асекең тағы бір кісіге үйленем деп жатса, мен көнер ме едім, көнбес пе едім? Менен жақсысын тауып жатса, менен жақсы Асекеңнің жағдайын жасайтын, шын берілген адамды сүйіп жатса, рұқсат беретін едім, – дейді Бағдат Әшімова.
Бағдат Әшімова кім?
Бағдат Мұқашқызы Әшімова, шын есімі Бағдат Мұқашқызы Құдайбергенова. 1972 жылы 4 сәуірде Алматы облысы Жаркент қаласына қарасты Үлкеншыған ауылында дүниеге келген. Шыққан руы Суан. Суанның ішінде Мырзагелді елінің Мәмбет тармағынан тараған. Әкесінің бауырлары: Жамиля Құдайбергенова, Рахима Мұзапарова. Туған бауырлары: Талиға Құдайбергенова, Тайырбек Құдайбергенов, Берік Құдайбергенов, Бағила Құдайбергенова, Ләззат Құдайбергенова, Ерік Құдайбергенов, Серік Құдайбергенов.
Туысқан бауырлары: Камила Құдайбергенова, Қамар Құдайбергенова, Разия Құдайбергенова, Еркінбек Құдайбергенов, Бақытгүл Құдайбергенова, Назира Мойдынбекова, Нұрдаулет Құдайбергенов, Нұрдымбек Құдайбергенов, Фаузия Құдайбергенова, Омаров Рахимбек, Алданбекова Оразхан.
Пікірлер (0)