«Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 1332
news

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде бүгін денесі жер қойнына тапсырылған КСРО Халық әртісі, кино және театр өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің соңғы сұхбаты тарап жатыр. Актер Qazaqstan ұлттық телеарнасының "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, өзінің өмірі туралы сыр шерткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты

«Аңыз тұлға»: Жұлдыз Әбдікәрімова Асанәлі Әшімов туралы айтты

Әке-шешесі, бауырлары қарсы болды

Бағдарлама барысында Асанәлі Әшімов жұбайы Бағдат Әшімова туралы айтып, құдалыққа барған кезін есіне алған. Бастапқыда Бағдат Әшімованың бауырлары, әке-шешесі Асанәлі Әшімовке тұрмысқа шығуға қарсы болыпты.

Жаркентке Бағдатты алып кетуге барғанбыз. Ақселеу Сейдімбек, Қадірбек Уәлиев, Әшірбек Сығай бастаған 20 адамды апардым. Оның себебі – Бағдаттың әке-шешесі, бауырлары көнбей, маған бермейміз деді емес пе?! "Ол 70-те ғой" дейді бауырлары. Ал Бағдат 30 жаста еді. Ол кезде 70-те де емеспін, 66-дамын ғой. Сондай көнбей тұрғанда, бір нағашысы: "Біреулер басқа ұлтқа да үйленіп жатыр ғой, оған қарағанда тәуір ғой", – деді. Сондағы мықтыларды апарғаным – мықтылығымызды көрсетейік дегенім ғой, – деді Асанәлі Әшімов.

«Қатты ашуланып, үстелді бір ұрды»

Ал Бағдат Әшімова бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде Асанәлі Әшімовке деген сезімінің қалай басталғанын айтқан болатын.

Алғаш рет дәлізде көріп қалғаннан кейін ол кісі мені жиі іздей бастады, сұрастырып, бір күні қасына шақырып алып, "Жан бөлек" деген кітабын сыйға берді. Соны оқып отырып, мен мына кісіні бақытты етер ме едім деп ойладым. Содан ол кісі маған жары болуға ұсыныс тастады. Серігім болуға жарайтын адам екенсің дегенде құлап қала жаздадым. Үйдегілермен ақылдасайын деп рұқсат сұрадым. Анам қарсы болды. Бірден болмайды деп айтты. Ағам да басында қабылдай алмады. Қатты ашуланып, үстелді бір ұрғаны есімде. Әкем үндеген жоқ.  Үйдегілердің осындай реакциясынан кейін болмайтынын түсіндім. Асекеңе хабарласып, болмайтынын айттым, Уақыт емші деп күтуді сұрады. Ертеңіне ауылдан қайтарда анам “сен ол адамның бабын таба алмайсың, өте қатал адам” деп қарсылығын айтты. Уақыт өте келе әке-шешеме қайта келіп, Асекеңмен бірге болатынымды айтып едім. Бұл жолы рұқсаттарын берді. Сонымен, кішігірім той жоралғысы жасалып, шаңырақ көтердік, – деген еді Бағдат Әшімова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *