«Аңыз тұлға»: Жұлдыз Әбдікәрімова Асанәлі Әшімов туралы айтты
Жаңалықтар
487
Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өнердегі ұстазы, қазақ театры мен киносының аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовке қатысты жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Актриса желі парақшасында Асанәлі Әшімовпен бірге түскен суреттерін бөлісті.
Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Абыз адам, аңыз тұлға еді. Асанәлі ағамыздың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Қазақ театр және кино өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз, артына мол мұра қалдырды. Ағамыздың отбасына, жақындарына көңіл айтамын. Жарқын бейнеңіз жадымызда мәңгі қалады. Ұстаз, бақұл болыңыз, – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Пікірлер (0)