Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының әкімі қызметінен кеткеннен кейін ол мамыр айының соңынан бері жұмыссыз жүрген еді. Бұған дейін Досаев әр жылдары Ұлттық банктің төрағасы, вице-премьер, экономика министрі және денсаулық сақтау министрі лауазымдарын атқарған.
Айта кетейік, 2023 жылғы қыркүйекте жүргізілген реформа аясында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтері қысқартылған болатын. Ал 2025 жылдың қаңтарында Дархан Сатыбалды бірінші орынбасар болып тағайындалып, кейін Алматы әкімі қызметіне ауысқан соң, бұл лауазым біраз уақыт бос тұрған еді.
Пікірлер (0)