«Күнім күйзеліспен өтті»: Айқын Төлепбергеннің бірінші әйелі бар шындықты айтты

Жаңалықтар
view 182
news

Сурет: видеодан кадр

Әнші Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жары жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті,  деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жары Әсел Төлепберген әлеуметтік желідегі жазбасында күзгі кезеңнің ол үшін сынақтарға толы болғанын айтты.

Ол ұлы Аңсардың тізесіне байланысты физиотерапия емін алып жүргенін, дәрігер «бурсит» диагнозын қойғанын жеткізді. Әсел ұлының денсаулығына алаңдайтынын, ал оның өзі спорттық формасын жоғалтып аламын ба деп қорқатынын жазды. Күзгі демалыста Аңсар командасымен бірге Ташкентте өтетін турнирге қатысуға дайындалып жатыр.

Сонымен бірге қызы Асылмен сапалы уақыт өткізуге тырысатынын, оның екі жаңа музыкалық шығарманы үйреніп жүргенін атап өтті. «Балаға бағыт беріп, жанында болу керек, бірақ бәрін өзің істеп бермеу маңызды. Бұл үшін үлкен төзім қажет», – деді ол.

Әсел Төлепберген үйдегі жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңде екенін, жиһаз орнату кезінде қиындықтар туындағанын және тұрмыстық шаруалар да біраз уақытын алып жатқанын жасырмады.

Ол жеке дамуға да көңіл бөлетінін, қазан айында қайта оқуға түсуді жоспарлап отырғанын жазды. Сондай-ақ алдағы кітап фестиваліне дайындалып жатқанын, өз романын таныстыруға ниетті екенін айтты.

«Ана ретінде жауапкершілік, тұрмыстық істер және өзін-өзі жүзеге асыру арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысамын. Ең бастысы – күзді өткізіп алмау. Күз тым қысқа…» – деп түйіндеді ол.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *