Ермек Маржықпаев Қосшы қаласына жұмыс сапармен келді

Редакция таңдауы
view 271
news

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті жұмыс сапарында Қосшы қаласына келіп, әлеуметтік нысандарды аралады. Сапар барысында жаңадан салынған құрылыстарды көзден кешіріп, инфрақұрылымның дамуымен танысты. Алғашқы кезекте сапар «Accent Development Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке инвестициялар есебінен 1500 орынға арналған мектеп құрылысын таныстырудан басталды. Мердігер ұйым «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды.     Жобаның жетекшісі Ярослав Пак құрылыс-монтаж жұмыстары жуық арада аяқталуға жақын қалғанын айтып, жабдықтардың жеткізіліп жатқанын атап өтті. Атаулы нысанның әр кабинетінде интерактивті, бор тақтасы және маркер болады, аумақты абаттандыру және спорт алаңдарын – футбол және баскетбол алаңдарын, жүгіретін жолдарды ұйымдастыру бойынша жұмыс басталды. Шығармашылықты дамыту үшін керамика шеберханасы, фото және бейне студия, фортепиано және халық аспаптары сыныбы бойынша үш музыка кабинеті қарастырылған. Жөндеуді ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда. Келесі нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. «АҚ Sonstruction Company» ЖШС учаскесінің бастығы Ерлан Қаленов іргелі жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, инженерлік желілер жүргізілгенін айтты.     Екі қабатты спорт кешенінде мынандай нысандар қарастырылған. Тренажер және күрес залдары, бассейн,  спорт түрлеріне арналған ойын алаңдары және аумақта – воркаутқа арналған тренажерлер мен снарядтар орналасатын болады. Осы нысандар қолға алынған жағдайда күніне 300-ге жуық адам спортпен емін-еркін шұғылдана алады. «Мезгіл өзгерісіне қарай жаз айларында, жылы кезеңде контурды жабу үшін құрылыс қарқынын арттыру қажет. Өйткені қыс мезгілінде сіз ішкі жұмыстармен толықтай айналыса аласыз, содан кейін сіз міндеттемелерді толығымен орындай аласыз. Қосшы тез арада ірі қалаға айналды, сондықтан біз оның сапасын жоғалтпай, мүмкіндігінше тезірек әлеуметтік саланың нысандарымен қамтамасыз етуіміз керек. Ал ФОК қалаға, ең алдымен балаларға өте қажет", - деп атап өтті облыс басшысы Ермек Маржықпаев. Сондай-ақ, облыс әкімі 1200 орындықты тағы бір мектеп құрылысының салыну барысымен танысты, техникалық қадағалау өкілдеріне жұмыстың барлық кезеңдерінде нысанның сапасын жоғары деңгейде бақылауды тапсырды. Қосшы қаласындағы жол-көлік инфрақұрылымын жөндеу және құрылысты салу барысы туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков хабарлады.     «Қосшы қаласында жалпы ұзындығы шамамен 62 км ге жуықтайтын 106 көшені қамтитын үлкен үш маңызды жоба жүзеге асырылуда. 2022 жылы төменгі қабаты қойылды, қазіргі уақытта жоғарғы қабатты асфальттау жұмыстары жалғасын табуда. Байқоныр, Берел, Бозоқ, Тәуелсіздік, Бөкейхан, Баян Сұлу және тағы басқа көшелер жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жұмысты «Автодор НС» АБК жауапкершілігі шектеулі серіктестік мердігерлік ұйымы орындайды. Тайтөбе ауылының жол-көлік инфрақұрылымы аясында сегіз шақырым жолды асфальттау, үш шақырымға жуық жолды жылыту жоспарға алынған. Мердігер –«Атырау құрылыс-АИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды. Қосшы қаласындағы электр энергиясын беру мәселелерін шешу ақырындап алға қарай жылжуда. «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер ұйымы жұмыстарды ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аяқтауға міндеттеледі. «Қосшы қаласының көшелері орнықты, таза. Адамдар арасында жүйеленген тәртіп бар. Қала ұрғындарының өз ауылдарына, мекеніне қамқорлық жасайтынын көруге болады, ал әкімдік мәселелерді бақылап, уақытымен шешуге көмектеседі. Осындай ауылға, тұрғылықты орынына деген ыстық махаббат, сүйіспеншілікпен, шаруашылық көзқараспен біз өз жерлестеріміздің, азаматтарымыздың мәдениетін жаңа деңгейге көтере аламыз», - деп қорытындылады облыс әкімі. Жоғары қарқынмен дамып келе жатқан Қосшы қаласы үшін өңір басшысының сапарлай келіп, жаңа жобаларды көзден кешіруі алда болатын жоспардың бұдан ары нығая түсуіне септігін тигізеді. Осындай бақылау, қадағалаудың арқасында қаламыздың болашағы жарқын болмақ.  

Тілеубек БАТЫС

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *