Ертең елордада ашық аспан астында гала-концерт өтеді
Редакция таңдауы
93
1 шілде күні елорданың 25 жылдығына орай ашық аспан астында «Аялаған Астана» гала-концерті өтеді, деп хабарлайды Janabastau.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Аялаған Астана» – дарынды балаларды сахна өнерінің барлық құпиялары мен шоу-бизнес негіздеріне үйрететін еліміздің жас жұлдыздарының нағыз фабрикасы. Жоба тәлімгерлері – режиссура, вокал, хореография, актерлік кәсіп, имидж және стиль шеберлері. Жобаның арқасында қатысушылар шығармашылық ортада болып, керемет кәсіби тәжірибені үйрену мүмкіндіктеріне ие болады. Бүгінгі күні «Аялаған Астана» жобасы нағыз ұлттық брендке айналды», делінген мәліметте.
Республикалық балалар байқауы 2 кезеңмен өтеді. Бірінші кезең – өңірлер бойынша іріктеу, екінші кезең – финал. Байқауда 8 – 12 жас аралығындағы балалар эстрадалық-вокал жанрында өнер көрсетіп, бақ сынайды.
Айта кетейік, «Аялаған Астананың» алғашқы кезеңі 2013 жылы ұйымдастырылды, содан бері 9 кезең өтті. Жоба арқасында көптеген жұлдыздар, олардың ішінде Мұхамедали Жүгінісов, Данелия Төлешова, Болат Батырбаев, Жәнел Сәдуақас сынды жас өнерпаздар танылды. Жеңімпаздар мен лауреаттар қазір беделді халықаралық фестивальдарда өнер көрсетіп жүр.
1 шілде күні (басталуы – сағат 20.00-де, Тұран даңғылы, 2/6/ амфитеатр) өтетін гала-концертке әлемдік деңгейде жетістікке жеткен өткен жылдарғы байқау финалистері қатысады.
Ал биылғы жылы үздік атанған қатысушы балалардың «Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайды.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Редакция таңдауы
Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды
Пікірлер (0)