Еспанов пен Майғазиевтің ұлдары «Қайрат»-«Реал» матчына бірнеше билет сатып жүр
Фотосурет: дереккөз
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов Алматыда өтетін «Қайрат»-«Реал» матчына билет сататынын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бір билеттің бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Саудасы бар аз-маз. 34-сектор, 9-қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. «Қайрат» клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің, – деп жазды Олжас Еспанов.
Одан кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да билет сататынын жариялады.

9, 14, 1, 8-қатарлардан билеттер бар. 350 мың теңгеге беремін. Тездетіп жекеме жаза қойыңдар, – деп жазды Әділет Майғазиев.
Қос әнші ұлдарының әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды. Олар бұл билеттердің әділетсіз алынғанын айтып, түрлі сыни пікірлер жазды.

Мына жерде 20 билеттей бар. Бұл дұрыс па? Нұрлан Еспановтың ұлы кешеден бері сатуға шығарып жатыр. Сайт жұмыс істемей, ала алмай қалып едік, мыналар 20 билетті қайдан алып отыр? Барлығымыздың құқығымыз бірдей емес пе?», «Полицияға арыз түсіру керек», «250 мыңның билетін 1 миллион теңгеге сатып, пайда көріп жатыр», «Сәкеннің ұлы да ақша жасап қалып жатыр», «Осындай адамдар көгерген нанды да 10 есе артық бағаға сатады», «5 сағат отырып, бір билет алдық, – деп жазды көпшілік.
Пікірлер (0)