Франция Президенті Макрон қазақ тілінде жазба жариялады
Сурет: Ақорда
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макрон телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әңгіме барысында тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға, әсіресе көлік пен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды. Бұл байланыс 2023 жылғы қарашада Макронның Қазақстанға жасаған сапары мен өткен қарашадағы Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде өрбіді.
Сонымен қатар мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен Оңтүстік Кавказдағы келіссөздер үдерісі назарға алынды.
Қос тарап Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың оң серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.
Пікірлер (0)