Францияда бірнеше Tesla электромобилі өртеніп кетті

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: yahoo.com

Марсель маңындағы Пенн-Мирабо елді мекенінде орналасқан Tesla дилерлік орталығында ауқымды өрт болып, ондаған электромобиль жанып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Шамамен 50-ге жуық өрт сөндіруші түнімен тілсіз жаумен арпалысып, оттың көрші ғимараттар мен көліктерді шарпуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі әзірге белгісіз. Полицияның мәліметінше, алаңшаның артқы жағындағы қоршау қиылған, бұл қасақана өрт қою болуы мүмкін деген күдік тудырған.

Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тергеушілер қылмыстық іс қозғады. Өз кезегінде Tesla компания ішінде тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *