Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғады

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: Sputnik/Санат Имангалиев

Қазгидромет 15 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және екпіні күшті жел соғады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Алматыда түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда көктайғақ болады.

Астанада көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда кей уақыттарда тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда да тұман болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *