Иманғали Тасмағамбетов Украина «дұшпандарының» тізіміне енді

Жаңалықтар
view 104
news

Фото: jscsto.org

Иманғали Тасмағамбетов Украинаның "Миротворец" тізіміне енгізілді. ҰҚШҰ (ОДКБ) Бас хатшысына Украинаға қарсы Ресей агрессиясын қолдады және соғысты насихаттады деген айып тағылып отыр екен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Украиналық "Миротворец" сайты 2014 жылы пайда болған. Авторлардың пікірінше, сайтта Украинаға қарсы қылмыс жасаған адамдар туралы ақпарат жарияланады. Осы тізімге "қылмыскер" ретінде ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің аты-жөні енгізілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Президент Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті: олар не туралы сөйлесті

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ҰҚШҰ не істейді? Тасмағамбетов жауап берді

Сайт авторлары Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын толықтай қолдайды деген пікірде.

(Фото: myrotvorets.center)

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Алаяқтар Иманғали Тасмағамбетовті «пайдаланған»

ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде Ресей әскеріне көмек көрсету үшін ұйымның әскерін жіберуге дайын болды. Украина аумағына "Орешник" зымырандарымен жасалған соққыларды ақтады. Ол Выборг кемелерін жасау зауытының акционері және "КамАЗ" Директорлар кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ ол Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізілуін де сынады, – делінген сайттағы ақпаратта. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *