Президент Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті: олар не туралы сөйлесті
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алаяқтар Иманғали Тасмағамбетовті «пайдаланған»
ҰҚШҰ сессиясына дайындық
Ақорданың мәлімдеуінше, Тасмағамбетов Тоқаевқа биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған.
Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.
Иманғали Тасмағамбетов кім
Ол 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Махамбет ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Дипломат. 2023 жылдан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы. Филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.
Иманғали Тасмағамбетов 2002-2003 жылдары Қазақстан Премьер-министрі, 2004-2008 жылдары Алматы қаласының әкімі, 2014-2016 жылдары Қорғаныс министрі, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болған.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)