«Алыпсатарлыққа негізделген»: министрлік «Сюцай» ілімі туралы

Жаңалықтар
view 215
news

Фото: oshshamy.kg

Жуырда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым елімізде «Сюцай» сияқты эзотерикалық, псевдопсихологиялық және басқа да ұйымдар тарап жатқанын мәлімдеген болатын. Мәдениет және ақпарат министрлігі депутаттың осы сауалына жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Министрліктің жауабы

Жауапта «министрлік өз құзыреті шегінде азаматтардың қауіпсіздігі мен рухани хал-ахуалына қауіп төндіретін деструктив және алаяқтық құрылымдардың ықпалын анықтау бойынша кешенді, дәйекті жұмыс жүргізетіні» айтылған. Бұл қызметке медиакеңістікке тұрақты мониторинг жасау, дінтану сараптамаcын жүргізу, т.с.с. жұмыстар кіреді.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте «Сюцай» ұйымының қызметіне қатысты интернет сілтемелерге дінтану сараптамасы жүргізілген.

Жүргізілген дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша ұсынылған материалдардың мазмұны діни бағытта болмауына байланысты олар дінтану сараптамасының нысанына жатпайды (құрылымы, діни негіздері, діни практикасы, діни қызметтің нысандары мен әдістері жоқ). Яғни "Сюцай цифрлық психологиясы" дегеніміз - мәні бойынша астрологияға, нумерологияға және өзін-өзі тану тақырыбындағы субъективті интерпретациялар мен алыпсатарлыққа негізделген және ғылыми расталмаған, діни мәртебесі жоқ бағыттарға ұқсас ұйым. Ашық дереккөздер мен бейнематериалдарды (шеберлік сабақтарын) зерделеу нәтижесі діни қызмет пен табынушылық белгілері жоқтығын растайды. Бұл ұйымды дін санатына қосу мүмкін емеc, - деп жазылған жауапта.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *