Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Жаңалықтар
view 91
news

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) қызметінен кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Не үшін

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, тараптар арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталғандықтан Какамен әріптестік жалғастырылмайтын болған.

Бразилиялық бапкер 2018 жылдан бері ұлттық құраманы басқарды. Осы уақыт ішінде ол ел футзалының дамуына айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанды әлемнің үздік құрамаларының қатарына шығарды.

Кака мырза 2018 жылдан бері құраманы жаттықтыра отырып, отандық футзалдың өркендеуіне елеулі еңбек сіңірді. Оның басшылығымен команда ойынының стилі, тәртібі және ұйымшылдығы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан Еуропа мен әлем аренасында өз орнын айқын көрсетті, - делінген ҚФФ таратқан ресми хабарламада.

Кака жаттықтырған кезеңде Қазақстан құрамасы футзал тарихындағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ұлттық команда әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық деңгейде мойындалды. Сонымен қатар бапкер бірнеше рет "Жылдың үздік жаттықтырушысы" атағына үміткерлер қатарына енді.

Тоқаев «Достық» орденімен марапаттаған

Спорттағы жетістіктері мен ел футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған.

Айта кетейік, 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орын иеленді. Бұл нәтиже ел футзалы тарихындағы ең үлкен жетістік саналады.

2022 жылы өткен Еуропа чемпионатында ұлттық құрама плей-офф кезеңіне жолдама алып, ал әлем чемпионатының іріктеуінде сенімді ойын көрсетті. Өзбекстанда ұйымдастырылған турнирде Қазақстан тағы да үздік сегіздіктен көрінді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *