Ғалым мұрасы: Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған форум өтті

Жаңалықтар
view 35
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Ғалым мұрасы: Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған форум өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Менеджмент Университетінің (AlmaU) бастамасымен және Ualikhanov University, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, сондай-ақ ҚР Ұлттық музейімен бірлесе ұйымдастырылған «Шоқан Уәлиханов: зерттеуші, ағартушы, дәуір тұлғасы» атты халықаралық ғылыми форум өтті.

Форум ұлт руханияты мен ғылымның тоғысқан тағылымды алаңына айналып, қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, этнографы, фольклортанушысы және ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты Шоқан Уәлихановтың отандық және әлемдік ғылымға қосқан үлесін жаңа қырынан зерделеу, оның идеялары мен зерттеу әдістерінің қазіргі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы өзектілігін талқылау, сондай-ақ жас зерттеушілерге шабыт беріп, ғылыми ізденіске серпін беру болды.

Форумның ашылу салтанатына ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, AlmaU ректоры Асылбек Қожахметов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, Ualikhanov University ректоры Марат Сырлыбаев және ҚР ҰҒА академигі Оразақ Исмағұлов қатысты.

Форум аясында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде белгілі зерттеуші Исмаилжан Иминовтың «Жеті қала өлкесінде» атты кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар ғалымдар мен сарапшылар пікір алмасқан панельдік сессиялар мен пікірталас алаңдары жұмыс істеді.

Форум барысында AlmaU және Turan TV бірлесіп әзірлеген «Шоқан Уәлихановтың ізімен» атты деректі фильм көрсетіліп, ғалымның экспедициялары мен зерттеулерінің тарихи маңызы кеңінен талқыланды. Іс-шара аясында Шоқан Уәлихановтың тұлғасы мен ғылыми мұрасы жаңа қырынан ашылып, отандық және шетелдік зерттеушілер арасында мазмұнды пікір алмасу өрбіді. Сондай-ақ жас ғалымдарға жаңа идеялар мен ғылыми ынтымақтастыққа жол ашатын шабыт көзіне айналды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *