20 қазанда бірнеше өңірге қар жауады

Жаңалықтар
view 37
news

Фотосурет: Caravan.kz

«Қазгидромет» синоптиктері 20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Дүйсенбі күні еліміздің батысында жаңбыр, ал солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да аздаған жауын-шашын болжанады.

Ал елдің қалған өңірлерінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Синоптиктердің айтуынша, республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікке және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлеріне тұман түседі.

Түнде Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарының таулы аймақтарында үсік жүреді. Солтүстікте де ауа температурасы нөлден төмен түсіп, -2°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Кызылорда, Алматы, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарының кей аймағында жоғары өрт қаупі болжанды. Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *