Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Жаңалықтар
view 216
news

Фотосурет: myslo.ru

Ақмола облысының аумағында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды табу болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында Ақмола облысының полицейлері барлығы 18 адамды анықтады. Олардың үшеуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарынан болса, қалғандары түрлі қылмыстық істердің қатысушылары. Анықталғандардың арасында кісі өлтіру, қарақшылық, есірткінің заңсыз айналымы және ұрлық сияқты ауыр қылмыстарға күдіктілер бар. Кейбір азаматты көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеген және олардың деректері Интерполдың халықаралық базасына тіркелген.

Барлық анықталған қылмыскерлер тиісті аумақтық полиция бөлімдеріне жеткізілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *