«Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтап, орныңыздан кетіңізші»: Алматы облысында бітпейтін тексерістен соң мектептен шу шықты
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматы облысында комиссияға қарсы шу шықты. Қарасай ауданындағы білім беру мекемелерінде Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес арнайы комиссиялық тексеріс жұмыстары басталды. Бұл тексеріс барлық мектептерді қамтып отыр, деп хабарлайды janabastau.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Комиссия тарапынан қандай нақты бағыттар бойынша бақылау жүріп жатқаны жайлы ресми ақпарат берілген жоқ. Қазіргі таңда тексерістің мақсаты мен мазмұны туралы толық мәлімет ұсынылмаған.
Аталған тексеріске қарамастан, Қарасай ауданы мектептерінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасы 23 және 24 мамыр күндері өткізіледі деп жоспарланып отыр.
«Бұл тексерісті неге тоқтатпайсыздар? Мынау масқара ғой, масқара. Сіздер білесіздер ме, оқу жылының аяқталуына 2-3 күн қалғанда не қылған бітпейтін тексеріс? Сіздер білесіздер ҰБТ болып жатыр. Соңғы қоңырау болады. Қазір сіздер асханаға кіріп тексеріп жатырсыздар. Сіздерде прокуратурадан рұқсат жоқ. Ешқандай ата-ананың рұқсатынсыз қалайша сіздер сауалнама жүргізгенсіздер? Мынандай бұйырқ масқараның шегі ғой! Оқушылар БЖБ, ТЖБ жазып жатыр, — деп қарсы шыққан ауданның белсенділері.
Ал Астанадаy келген комиссия «Біз ешкімді жазаламаймыз, тек ескертеміз, екінші күн тексеріп жатқанымызға. Заңсыздықтар бар» деп жауап бергенін байқауға болады. Алайда комиссияның жауабы тағыда сынға ұшырады. Мектептерге комиссия жеті адам болып келген.
«Көмектескілерің келсе жылдың басында, тамыз айларында келмедіңіздер ме? Жазда кез кез келдген уақытта келуге болады. Сіздер түсінесіздер ме, соңғы қоңырауға екі күн қалды. Оқушылар, балалардың көңілі алаңдаулы. Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтап, аман есен орныңыздан кетіңізші», — деп жауап берген қарасайлық белсенді.
Пікірлер (0)