Ғылым жүйесі жоқтығынан 40 мың ғалымнан айырылып қалдық
Фото: Ашық дереккөзден
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасынына еліміздегі су тасқыны, табиғи апаттарды неге алдын алуға болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
"Бұл табиғи апаттар - ең алдымен жылдар бойы қордаланған мәселелердің бетін ашып жатыр. Президентіміздің өзі бірнеше сөзінде айтқан болатын, табиғи апаттарды өкінішке орай алдын алуға мүлдем толық мүмкін емес. Болжауға болар еді, болжау үшін бізге ғылыми жұмысты бір жүйеге келтіру керек еді.
Кезінде Қазақ ғылыми-зерттеу институттары жалпы мемлекеттің назарынан тыс қалып қойды. Оларға тиісті қаржы бөлінбеді. Кейбір институттар жабылып қалды. Жалпы 1990 - 2000 жылдардың басында ғылым жүйесі қалыптаспағанның себебінен ғылым жүйесінен қазақстанда 40 мың ғалым кетіп қалған. Саудаға, басқа салаға кетіп қалды тағысын тағы. 40 мың ғалымнан айырылып қалдық. Яғни сабақтастық үзілді, ғылыми база жойылды.
Зерттеуді кімдер айналысады? Ғалымдар айналысуы керек. Кез-келген ғылым ол тұрақты, жүйелі ұзақ жылдар бойы жүргізіледі. Осындай базадан айырылып қалдық. Мысалы су саласы, басқа да салалар бойынша", - деді Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша қазіргі уақытта мемлекет осы мәселелермен шұғылданып, ғылым жүйесін қалыптастыруды көздеп отыр.
"Президенттің шешімінің арқасында соңғы екі жылда ғалымдардың айлықтары өсті. Президенттің бастамасымен "Болашақ" бағдарламасына қосымша ғылыми тағылымдамадан өтуге ғалымдарға қосымша 500 грант бөлінді. Бұл басқа мемлекеттерде жоқ", деді Ерлан Қарин.
Алайда бөлінген 500 грантқа алғашқы жылдары 100-ден аса ғалымдар қатысып, қалған 400-ге жуық грант бос қалған. Себебі қатысатын ғалымдар жоқ Қазақстанда.
Пікірлер (0)