Индира Расылхан күйеуі ұрып-соғып, баласы шетінегенін айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 667
news

Фотосурет: дереккөз

Әнші Индира Расылхан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр кезеңдер туралы ашық айтып, жан сырын бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі алғашқы некесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін, сондай-ақ бір сәбиінен айырылғанын жасырмады. Айтуынша, бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынасында үнсіздік пен төзімнен өзге амалы болмаған.

Кезінде бас тартқаннан кейін мен ол кісіге қалай айта беремін? Қыздарының бар екенін мен оның есіне неге сала беруім керек? Неге мен айта беруім керек? Содан кейін аяғым ауыр кезде кетуге мәжбүр болдым. Себебі ұрып-соғу. Ішіңдегі балаға зиян келмес үшін ол нәрсені істейді екенсің. Кеттім. Өзі үйден қолымнан жетектеп шығарып жіберді. «Енді сен керек емессің» деді. Өз әке-шешемнің үйінде босандым. Ол кезде 24 жаста едім. Бір қызым болған, ол шетінеп кетті. Мен ол кісіге қарсы сөйлеп, дауысымды көтеріп, айқайлап көрген емеспін. Жылап отыра беремін. Басқа амалым жоқ болатын, – деді әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *