Иранның архивінен қазақ тарихына қатысты құнды деректер табылды

Жаңалықтар
view 138
news

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетілді.

Бұл құжаттар Қазақстан мен Иранның терең тарихи байланысын дәлелдей түседі.

Мемлекет басшысы қазақ тарихына қатысты деректермен бөліскені үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты.

Бұл – өте құнды сыйлық. Біз міндетті түрде қазақ қауымына бұл көрмені көрсетеміз, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптейміз. Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен. Қазақ халқына пайдалы болады деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *