520 теңгеден асты: Қазақстанда доллар қайта қымбаттап жатыр
Жаңалықтар
52
Фото: istockphoto.com
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 520,02 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткіштен 1,74 теңгеге өсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк 11 желтоқсанға белгілеген ресми бағам – 518,39 теңге.
Ал Kurs.kz мәліметінше, валюта айырбастау пунктеріндегі баға келесідей:
- Алматыда долларды сатып алу – 520,64 тг; сату – 522,82 тг;
- Астанада сатып алу – 518,58 тг, сату – 525,60 тг;
- Шымкентте сатып алу – 520,62 тг, сату – 522,66 тг.
Айта кетейік, соңғы күндері ішкі валюта нарығында құбылмалылық байқалып, биржалық бағам біртіндеп жоғарылап келеді.
Пікірлер (0)