«Видеоны көріп тұрды»: Күйеуін қызғанған әйел блогер Сабина Мовлаеваға дүрсе қоя берді
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде Фариза Мырзабек есімді әйел блогер Сабина Мовлаеваға шүйлікті, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Заңды тықпалап, қорқыту – ұят!»: Белгілі блогер әйелдерге шүйлікті
Ол күйеуі Сабина Мовлаеваның билеген видеосын көргенін айтып, блогер отбасылы ер адамдардың ойын бұзып жүргенін жеткізді. Сондай-ақ Фариза Мырзабек хиджаб киген әйелдердің ашық киім киіп, тәнін көрсетіп видеоға түсетін бойжеткендердің әсерінен боянып, сәнденіп, еріндеріне ботокс жасататынын жасататынын айтты.
Әйел ретінде Сабинаға айтарым бар. Көп адам орамалдағы қыздардың неліктен кірпік жабыстырып, ерін үлкейтетітін сұрайсыздар. Осындай видео түсіретін қыздардың кесірінен деп айтайын, – деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, Сабинаның тән сымбатына тамсанатын ер адамдардың қатарында үйленгендер де бар.
Тамақ істеп жатсам Сабинаның билегенін күйеуім кідіріп, көріп тұрды. Ол менің жүрегіме батты. Иә, мен орандым. Біріншіден, Алладан қорыққаным үшін, екіншіден күйеуімнің ақыретін ойлағандықтан орандым. Өйткені еркектің жасаған жақсылығы мен садақалары әйелінің шашы жалаңбас болса, қабыл болмайды дегенді естіген соң орандым. Сол видеоны көргені үшін күйеуіме қатты ренжідім. Сабина қаншама бойдақ еркектердің көзайым болып жүргені бет-әлпетінің арқасында екенін жақсы біледі. Тек үйленбеген жігіттердің арасында үйленгендер де кетіп қалып жатыр, – деді ол.
Пікірлер (0)