«Заңды тықпалап, қорқыту – ұят!»: Белгілі блогер әйелдерге шүйлікті

Жаңалықтар
view 64
news

Фото: Instagram/Мөлдір Анарбаева

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева қит етсе «заңды тықпалап», шу шығаратын әйелдерді сынап тастады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Жүргіш әйелдерден ерекше балалар туады»: Блогер 78 640 теңге айыппұлмен құтылып кетті

«Жүргіш әйелдерден ерекше балалар туады»: Мүгедек балаларды қорлаған блогер ұсталды

«Күйеулеріңді өзгерте алмайсыңдар»: Айнұр Тұрсынбаева әйелдерге ақыл айтты

Оның айтуынша, жұлқынған келінге де, санасы соған жеткен ата-енеге де обал. 

Қазіргі қоғамда миға қонбайтын ақымақ түсінік қалыптасқан. «Біздің келін заңды біледі, мектепті тік тұрғызады, бетке айтады, бәрін орнына қояды» деп мақтанып отыратын үлкен кісілерді талай көрдім.  Обал-ақ! Жұлқынған келінге де, санасы соған жеткен ата-енеге де обал! 

Әй, сенің балаңды оқытып отырған мектепті тік тұрғызғанда, мемлекеттік қызметкерлерді болмашыға бола барып бетінен алғанда «пәлеқор әйел» деген атақтан басқа қандай жетістікке жетесің?! Ұят, адамдық, ар, түсінік, сабыр, кішілік, иман,тектілік, тәрбие қайда қалды?! 

Барған жеріңнің шаңын шығардың, ал, содан?! «Бәдік» деген ат арқаладың, болды! Саған өзің сияқты санадағы адам ғана риза болады, - деді блогер.

Анарбаева қызды-қыздымен қыз тәрбиелеп отырған әйелдерге де шүйлікті. 

Оданда «Пәленшенің келіні немесе анасы неткен жүзі жарқын еді?! Кішілік танытып тұрады, үлкеннің алдына келмейді» деген сөз көрде жатсаң да мәңгі арқау емес пе?! Үйін сыйлап, сыртты жайпаған адам екіжүзді. Адам ашуланатын әрекет болады, әрине! Бірақ болмайтын мәселеге білмейтін заңыңды тықпалап, қорқытып, қырып жою, өте ұят! Баланың барлық әркеті шешеден! Саналы болайықшы, шешелер!!! «Тәк!» дегенді білейік. Әжептеуір еркекті ез қылып жіберген көкірек көзі ашылмаған әйелдер де бар… Адамда екі көз бар; біреуі баста, біреуі жүректе. Жүректің көзін ашайықшы!» — деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *