Сұмдық оқиға!: Алматыда театрда актер әйелін қойша бауыздап тастаған (ВИДЕО)
Фото: kazgazeta.kz
Алматылық заңгер ТЮЗ актерлері Гауhар Шарипа мен оның актер күйеуі Мұхитдин Шынтаевтың өлімі туралы жантүршігерлік оқиға туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Заңгер актерлердің өлі денелерін көргенін жеткізді. Айтуынша, күйеу баласы қызғаншақ болған әрі қарындасына күн көрсетпей, ұрып-соққан.
Өзімнің күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың кесірінен үйде күнде ұрыс-керіс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте көргенмін.
Сол кездегі заңның жұмсақтығы. Он жыл бұрын болған оқиға ғой. Қазіргідей қатаң емес еді. Сондай ұрып-соғу болғаннан кейін әйелдің құқығы қорғалуы керек еді. Бірақ олай болмады, ақыр соңы қарындасымнан айырылып қалдым. Оқиға театрдың жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде болған. Қойды бауыздағандай, сол бөлменің барлығы қан еді, - дейді заңгер.
@askarbekkazangap Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның үлкен қасіреті. Бас жарылса бөрік ішінде деп үндемеудің соңы осындай қайғылы жағдайға ұласатыны өкінішті… #асқарбекқазанғап #заң#тұрмыстықзорлықзомбылық ♬ оригинальный звук - Асқарбек Қазанғап
Пікірлер (0)