«Жүргіш әйелдерден ерекше балалар туады»: Мүгедек балаларды қорлаған блогер ұсталды

Жаңалықтар
view 97
news

Фото: видеодан скрин

Астанада полицейлер әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын қорлаған блогерді ұстады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл не деді

Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдарды сотқа жолдауға дайындап жатыр.

Даулы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Әйел өз бейнежазбасында ерекше балалардың дүниеге келуін «азғындық» және ата-анасына жіберілген «жаза» деп айтқан. Бұл ерекше бала өсіріп отырған ата-аналардың  наразылығын тудырған. 

Блогер не деген?

Жүргіштердің жазасын алатын кезі келді. Осыған дейін де олар жайлы деректерді естіген едім. Қазір ерекше балалар мен аутизм көбейіп кетті. Әлемде екінші бала ауру болып туады. Оның барлығы сол «жүргіштіктің» кесірінен, - деген блогер.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева видеоға қатысты Ішкі істер министрлігіне құқықтық баға беруді сұрап, өтініш жіберген.

Полиция түсініктемесі

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

Блогердің ерекше балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздері бар бейнежазбаны интернет кеңістігінде тарату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жарияланым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналды, олар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, — деп хабарлады полиция.

Астана қалалық Полиция департаменті интернетте қорлайтын материалдарды таратқан адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын еске салды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *