"Ішім лапылдап өртеніп жатыр". Танымал әншінің анасы өмірден озды
Фото: pikabu.ru
Анасының дүниеден өткені туралы Таркан алғаш рет әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялап, қоштасу хатын бөлісті:

«Анадан айырылу – ішкі жан дүниеңде лапылдап жанған от секілді. Бұл от оңайлықпен сөнбейді. Қиын сәттерде жанымда болғандарыңыз – мен үшін өте қымбат. Бұл кезеңде маған қолдау білдірген барлық сүйікті жандарға, тыңдармандарыма, отбасым мен достарыма шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп жазды әнші.
Таркан сондай-ақ осы қиын шақта ерекше қолдау көрсеткен жары – Пынарға ризашылығын білдірді:

«Бұл ауыр кезеңде әрдайым жанымнан табылғаның үшін ризамын. Қызымыздың күлімдеген жүзі жүрегімдегі ауыртпалықты жеңілдетуге көмектеседі. Сендер барсыңдар – соған мың алғыс», – деді ол.
Пікірлер (0)