«Иттің баласы, аузыңды жап...»: Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке ескерту жасады

Жаңалықтар
view 157
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева баласына ауыр сөз айтатын ата-аналарға ескерту жасады, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Ол отбасында береке болу үшін әйелдің бақытты болуы маңызды екенін айтады.

“Егер балаларыңыздың тұлға болғанын, еркін ойлай алатын, рухты азамат болғанын қаласаңыз әйеліңізді бақытты қылыңыз! Әйел ашынса отбасының берекесі кетеді. Өзінің ата-анасын жамандай беретін адамдардан алыс жүріңіз. Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз. Қанша ашуланып тұрсаңыз да, айналаңызға уыңызды шашпаңыз. Балаларға ешқашанда "жоғал, құрып кет, иттің баласы, үніңді өшір, аузыңды жап" деп айтуға болмайды. Ананың әрбір сөзі – дуа! Тілі таза адамның ділі таза, рухы биік”, – деп жазды.

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті.

“Өзгеруге ешқашан кеш емес! "Балам өскенде қыздардың бәрі артынан жүгіреді, қызым өскенде бүкіл жігітті ғашық қылады" деген сөздерді айтуға болмайды. Баланы "бірдемеге ұшырайсың" деп қорқытуға болмайды. Өз ата-анасынан қорқатын бала өзгелерге пікір айта алмайды. Балаларға тағы қандай сөз айтуға болмайды, бөлісе кетіңіз...”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *